Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

Құқық
ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әлі де тергеу изоляторында отыр.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті CentralMediaNews редакциясының ресми сұрауына берген жауабында Кәрім Мәсімовтың Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырғанын хабарлаған.   

Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК:

ҰБТ 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: "Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру";

4-бөлім, 366-бап: "аса ірі мөлшерде пара алу".

Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алуға тырысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Фото: gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу