freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Синоптиктер ескертеді: +41°C-қа дейін ыстық болады

Қоғам
Синоптиктер ескертеді: +41°C-қа дейін ыстық болады
Pexels

Қазақстанда 7-9 шілде аралығында тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал кейбір аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.kz сайтына сілтеп. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады. 7-8 шілдеде республиканың солтүстігі мен орталығында да жаңбыр жауады деп болжанған.

Қатты жаңбыр күтілетін күндер мен аймақтар:

7 шілдеде– орталық және шығыс өңірлерде;

8 шілдеде– батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында;

9 шілдеде– елдің батысында.

Бұдан бөлек, батыс, оңтүстік және шығыс облыстарда жел күшейеді деп болжануда. Найзағай кезінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Сонымен қатар, бірқатар аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі күтіледі. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін ыстық болады, ал кей жерлерде термометр бағандары +41°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Қазақстанның солтүстігінде де аптап ыстық +35…+38°C-қа дейін жетеді деп болжануда.

Елдің қалған аумақтарында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу