freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүйдің маңында жарылыс болды

Әлем
Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүйдің маңында жарылыс болды
Макрон / БТА

Дамаскідегі Франция президенті тоқтаған қонақүйдің маңында жарылыстар болды. Reuters агенттігі қауіпсіздік саласындағы дереккөзге сілтеме жасап, Сирия астанасында Франция президенті тоқтаған қонақүйдің маңында бірнеше жарылыс болғанын жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің мәліметінше, жарылыстарды Reuters тілшісі де естіген, ал оқиға орнынан қою түтіннің көтерілгені байқалған.

Кейінірек Reuters Сирия мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап, елдің уақытша президенті Ахмед әш-Шараа Дамаскіде жарылыстар естілгеннен кейін Франция президенті Эмманюэль Макронды президент сарайында қабылдап жатқанын хабарлады.

Ал Елисей сарайы Макронның кездесуге бара жатқан жолда ешқандай жарылысты естімегенін мәлімдеді.

Эмманюэль Макрон Башар Асад биліктен құлатылғаннан кейін Сирияға сапармен барған Еуропаның ірі мемлекеттері көшбасшыларының алғашқысы болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу