freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында суға кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Оқиға
Атырау облысында суға кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр
Фото: pixabay

Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзеніне батып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздеу жұмыстары екінші тәулік қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 16:00 шамасында Есбол ауылында болған. Жасөспірім өзен жағасына бауырымен бірге барып, суға батып кеткен.

Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару операциясы тоқтаған жоқ.

Іздестіру жұмыстарына құтқару қызметінің мамандары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу