freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Саясат
Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесуде әлемнің жетекші телеарналарының бірі саналатын корпорациямен ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметіне қарағанда, Мемлекет басшысы Euronews уақиғаларды бейтарап жариялап, көрерменге сенімді ақпарат ұсынатын жаһандағы маңдайалды медиа ресурс ретінде танылғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, телеарна 2024 жылы Астанада өңірлік кеңсесін ашқан сәттен бастап, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігі жайында көбірек хабар тарата бастады.

Президент Euronews арнасының қазақ тілінде жаңалық таратуды қолға алғанын құптап, мұны өзара тиімді ықпалдастықтың жарқын көрінісі деп атады.

Педро Варгас Давид медиа желінің қолданысына Орталық Азия халықтарының арасынан алғаш рет қазақ тілі енгенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Euronews жетекшісі қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, Негізгі заңда көрініс тапқан қағидаттар мен құндылықтар ел басшылығының анағұрлым күшті әрі озық мемлекет құруға бейіл екенін көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің таяуда Брюссельге жасаған ресми сапарының нәтижелері жөнінде пікір алмасу өтті.

Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар қарсаңында Euronews сайтында жарық көрген мақаласындағы Астана мен Еуропалық одақтың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің келешегі туралы түйінді ойларын еуропалық аудитория ерекше ықыласпен қабылдағанын айтты. 

Еуропа сарапшыларының пікірінше, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғары қарқынмен дамып, ұзақмерзімді әрі жемісті ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған сипатына ие болған.

Әңгімелесу барысында аймақты жаһандық ақпарат кеңістігіне шығарып, Қазақстанның жетістіктерін халықаралық қоғамдастыққа кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Euronews қазақ тілінде халықаралық ақпарат тарата бастайтынын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу