freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында студенттерді бопсалап келген қылмыстық топ қолға түсті (ВИДЕО)

Құқық
Павлодар облысында студенттерді бопсалап келген қылмыстық топ қолға түсті (ВИДЕО)

Павлодар облысында ҰҚК мен полиция ауқымды арнайы операция жүргізді. Жедел уәкілдер Ақсу мен Екібастұз қалаларында қорқыту арқылы азаматтардан жүйелі түрде ақша талап етіп келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер  қорқыту арқылы азаматтардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар.

Тінту шаралары барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және іс бойынша дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

«Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – деді Павлодар облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу