freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Облыс орталығында 30 отбасы баспаналы болды

Қоғам
Облыс орталығында 30 отбасы баспаналы болды
Фото: ШҚО әкімдігі

Өскемен қаласында баспана кезегінде тұрған 30 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оларға Есенберлин даңғылында орналасқан пәтер кілттерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті.

«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 120-ға жуық көпқабатты үй салынуда. Жыл сайын облыста 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін баспаналы болған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Қазақ «Өз үйім өлең төсегім» дейді. Яғни, әр адамға өзінің үйі бәрінен де ыстық, жайлы, жанға жақын. Шаңырақтарыңызға шаттық ұялап, қуаныштарыңыз еселене берсін!», - деді аймақ басшысы.

Биыл өңірде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өзге де әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 150-ден астам пәтер беру көзделген.

Жыл басынан бері 109 жанұя қоныс тойын тойлады. Жаңа үйлерінің кілттерін алған отбасылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов пәтерлердің ішіне кіріп көріп, иелеріне сыйлықтар табыстады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу