freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның негізгі серіктестерімен тауар айналымы 44,9 млрд долларға жетті

Экономика
Қазақстанның негізгі серіктестерімен тауар айналымы 44,9 млрд долларға жетті
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның сыртқы сауда биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша айналымы 44,9 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9 пайызға артқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экспорт көлемі 24 млрд долларды, ал импорт көлемі 20,9 млрд долларды құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында Ресей (6,6 млрд доллар), Қытай (6 млрд доллар), Германия (1 млрд доллар), АҚШ (0,9 млрд доллар) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд доллар) болды.

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.

«2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді», – делінген Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ҰСБ таратқан хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу