457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалған шот жасап, 680 млн теңге салықтан жалтарғандар сотталды

Алматыда жалған шот-фактураларын пайдалану схемасы арқылы салық төлемінен жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.


Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 686 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Бір топ адамдар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру жөнінде қылмыстық схеманы ұйымдастырғаны анықталды.

Құқыққа қарсы іс-әрекеттің іздерін жасыру және салықтық бақылауды айналып өту мақсатында жалған біріктіру жүргізілген, кейіннен құжаттар рәсімделген серіктестік, формалды түрде таратылған. Қадағалау қызметі аясында қала прокуратурасы наразылық білдіріп, нәтижесінде заңсыз біріктіру тоқтатылды, - деп хабарлады прокуратурадан.

Сот қылмыстық топтың 6 қатысушысын ҚР Қылмыстық кодексінің 216 (шот-фактураларды жалған жазу) және 262-баптарында (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып, әрқайсысының кінәсінің ауырлығына байланысты 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Фото: Pixabay.com