Жақып Асановтың бұрынғы кеңесшісіне іздеу жарияланды

Экс-судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ агенттігіне сілтеп.
Таткеева Қарлығаш Құрмашқызы. Іздеуде жүргеніне үш күн болды. (…) Іздеу ісі 2025 жылдың 20 маусымында «Қарағанды облысы» өңірінде тіркелген. Іздеуді бастаған орган: Сот. Іздеуді жүргізіп жатқан орган – Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, – деп жазылған Таткееваға қатысты құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздеу карточкасында.
Таткеева азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Бұл қызметте ол елдің басты сот органы Жақып Асановтың басшылығында болған кезде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта Асанов – сенатор.
Әр жылдары Таткеева Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, сондай-ақ Астана қаласының судьясы болған.
Фото: Қылмыскерлерді іздеу базасынан


Ең көп оқылған
