«Жұмысқа кіргізем» деп елден ақша жинаған алаяқ Дубайда ұсталды

Оған ІІМ халықаралық іздеу жариялаған еді

Мәди Саматұлы

  • 21.12.2024

Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәлімдеуінше, 20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жарияланған 37 жастағы ер адамды Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізген.

Министрлік ақпаратына қарағанда, 2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

Биыл қаңтарда ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Ұсталған адамды қазір ІІМ ӘТД қызметкерлері қамауға алған.

Фото: ІІМ

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген