Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күн сайын 100 теңгеден жинаған қазақ қызы ең соңында 42 миллион тұратын үйге қол жеткізді

Қоғам
Күн сайын 100 теңгеден жинаған қазақ қызы ең соңында 42 миллион тұратын үйге қол жеткізді
digitalbusiness.kz

Карина есімді бойжеткен небәрі 100 теңгеден бастап қаржы жинап, қысқа уақыт ішінде 8 млн теңге қор қалыптастырып, армандаған пәтеріне алғашқы жарна салғанын айтты. Ол бұл тәжірибесімен әлеуметтік желіде бөлісіп, қатаң қаржылық тәртіптің нәтижесін және бастапқы кезеңде ипотеканың орнына бөліп төлеуді таңдауының себебін түсіндірді. Бұл туралы Malim.kz тілшісі Digitalbusiness.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы қадам

Карина 2023 жылы нақты мақсат қойып, пәтер алуға алғашқы жарна жинауға бел буған. Ол жинақты Гаусс әдісімен бастап, ең алғашқы салымды небәрі 100 теңгеден бастаған.

Жыл соңына дейін оның жинағы шамамен 2 млн теңгеге жеткен. Осыдан кейін бойжеткен өмір салтын түбегейлі өзгертіп, шығындарды қатаң бақылауға алған.

"Қажетсіз шығындардың бәрін қысқарттым. Жаңа киім сатып алмадым, кафе мен мейрамханаларға баруды тоқтаттым, ойын-сауық пен сыйлықтарға кететін қаржыны азайттым", – дейді Карина.

Қаржылық тәртіп өз нәтижесін берген. Келесі бір жарым жыл ішінде тағы 6 млн теңге жинап, 2025 жылға қарай қолындағы қаражат 8 млн теңгеге жеткен. Бұл сома пәтердің алғашқы жарнасына жеткілікті болған.

Каринаның айтуынша, ол жинаған қаржысын әртүрлі формада сақтаған: қолма-қол ақша, шетел валютасы және депозит. Мұндай тәсіл қаражатты сақтауға әрі орынсыз жұмсап қоюдан қорғаған.

Пәтер таңдауы және төлем тәсілі

Қажетті соманы жинаған соң, Карина құрылыс компанияларын зерттеп, түрлі нысандарды аралаған. Нәтижесінде ол "Mangilik" тұрғын үй кешенін таңдаған.

"Маған Гоголь-Әуезов көшелерінің қиылысындағы орналасуы, бизнес-класс деңгейі, төбесінің 3 метр болуы және алдын ала әрленген пәтер ұнады", – дейді ол.

Карина 47 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерді таңдаған. Тұрғын үйдің жалпы құны 42 млн теңге. Келісімшартты ол туған күніне бір күн қалғанда рәсімдеген.

Алғашқы жарна ретінде 8 млн теңге төленіп, қалған сома бөліп төлеу арқылы рәсімделген. Ай сайынғы төлем 250 мың теңге, ал тоқсан сайынғы төлем 750 мың теңгені құрайды.

"Бұл тәсіл болашақтағы несие көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 2027 жылы кілттерді алған соң, қалған шамамен 28 млн теңгеге ипотека рәсімдеуді жоспарлап отырмын", – дейді Карина.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу