Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лото кеңсені өртеп жіберген бейнеулік түрмеден шықты

Қоғам
Лото кеңсені өртеп жіберген бейнеулік түрмеден шықты
Фото: видеодан скрин

Осыдан 3 жыл бұрын лото кеңсені өртеп, кейін полицияға берілген Маңғыстау облысының тұрғыны Әсет Сүлейменов түрмеден шықты. Бұл туралы желі қолданушысы Асылбек Жаңбырбай мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Бейнеу қаласының тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жіберді. Айтуынша, мұнда заңсыз орнатылған ойын автоматтары тұрған.

Әсет Сүлейменов бұл әрекетін «жас ұрпақты қорғау» деп түсіндіреді. Ол өзі 20 жыл бойы құмар ойынға тәуелді болып, осы уақыт ішінде 200 млн теңгесін жоғалтқанын, сондай-ақ туған-туыстарымен қарым-қатынасы бұзылғанын айтады.

«Құмар ойын – ауру екенін жақсы білемін. Осы жылдар ішінде 200 миллиондай теңгемді жоғалттым. Төрт балам, отбасым бар. Ойын үшін жақындарымды алдаған кездерім болды. Құмар ойынға салынғандардың бәрін сатуға да дайын тұратынын білемін. Талай отбасы осылай күйреді. Өзімнің де өмірмен қоштасуды ойлаған күндерім болды. Сол үшін бұл жерді өртемей кете алмадым. Жауапкершіліктен қашпаймын. Не істеп тұрғанымды түсінемін. Жастар біздің жолымызды қайталамасын деймін. Егер біреулерге ыңғайсыздық тудырсам, кешірім сұраймын», – дейді Асет өз үндеуінде.

Өрт шығармақ болған азамат алдымен ғимараттағы қызметкерлерді сыртқа шығарып, ешкімге зиян келтірмеген. 36 жастағы ер адам оқиға орнында бірден ұсталды. Ол қашуға әрекеттенбеген.

Сол кезде Сүлейменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі («Бөтеннің мүлкін қасақана өртеу арқылы бүлдіру») бойынша іс қозғалған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу