Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау мен Атырау халқы ет өнімдерін көп тұтынады

Қоғам
Маңғыстау мен Атырау халқы ет өнімдерін көп тұтынады

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарында азық-түлік өнімдерін тұтыну жөніндегі бюллетеньді жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдыңғы жылдардағыдай үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17,2%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Атырау және Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалған.

2024 жылдың II тоқсанында орташа алғанда жан басына шаққандағы жекелеген азық-түлік түрлері бойынша тұтыну мөлшері:

картоп – 11,1 кг

Нан өнімдері мен жарма өнімдері – 30,4 кг
Ет және ет өнімдері – 20,2 кг
Жемістер – 16,5 кг
Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер – 10,6 кг

Сүт және сүт өнімдері – 57,9 кг
жұмыртқа – 50,6 дана
Балық және теңіз өнімдері – 3,5 кг

Фото: istock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу