Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында ер адам өгей қызын зорлап, кейін өзіне қол салды

Оқиға
Маңғыстау облысында ер адам өгей қызын зорлап, кейін өзіне қол салды
pixabay.com

Маңғыстау облысында 42 жастағы ер адам өзіне қол жұмсаған. Оған 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Шетпе кентінде болған. 1984 жылы туған ер адам 20 қаңтарда атылып қалған. Ал 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалғаны туралы арыз түскен.

Телеарна мәліметінше, тексеру барысында өзіне қол салған өгей әкенің осындай айуандыққа барғаны анықталған. Марқұм соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемепті. Бұрын сотты болмағаны. Сондай-ақ психиатрия және наркологияда есепте тұрмаған.

Полиция ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанды зорлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғау қамтылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды, - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибадуллаева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу