Маңғыстау облысында үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Маңғыстау облысы Шетпе ауылындағы жекеменшік үйде болған. 42 жастағы ер адам өлі табылған. Ол жұмыссыз болғаны айтылды.
"Шақырту 20 қаңтарда түсті. Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнына жұмыс істеп жатыр. Алдын ала себебі, өзіне қол жұмсау, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тергеуді бастаған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.