Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Қоғам
Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды, деп хабарлайды Malim.kz “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді.

Сондай-ақ, белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды. Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде «Tik-Tok» әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын" әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалаған.

Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен. Мұнан бөлек, белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сотталушы Д. өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Д.-ның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді.

Сот, Д.-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу