freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда 12 жастағы баласына көлік тізгіндеткен әке жауапқа тартылды

Оқиға
Маңғыстауда 12 жастағы баласына көлік тізгіндеткен әке жауапқа тартылды
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Полицейлер жол талғамайтын көлікті басқарған баланың әкесін жауапқа тартты, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласында кәмелетке толмаған баланың көлік тізгінінде отырған видеосы тарады. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері мониторинг барысында аталған заңбұзушылықты анықтаған.

Тексеру нәтижесінде 2014 жылы туған баланың әкесінің рұқсатымен көлік жүргізгені белгілі болды. Көлік иесінің жеке басы анықталып, ол полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты бірден екі әкімшілік хаттама толтырды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 5-бөлігіне сәйкес оған 50 АЕК көлемінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша 5 АЕК немесе 21 625 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Қазіргі уақытта жол талғамайтын көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

«Көлікті басқару тек дағдыны ғана емес, жоғары жауапкершілікті талап етеді. Рөлді балаларға сеніп тапсыру – заңды бұзу ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіру», –  деп мәлімдеді ведомство.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу