Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда 479 адам рақымшылыққа ілікті

Қоғам •
Маңғыстауда 479 адам рақымшылыққа ілікті

Рақымшылыққа кімдер ілікті? Түзеу мекемесінен босап шыққандарды қоғамға бейімдеу жұмысы қалай жүргізіледі? Kazinform Маңғыстау облысы бойынша қанша сотталушының рақымшылыққа іліккенін жазды.


Облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы, әділет майоры Берік Бабаев бұл туралы ақпарат берді.

Жалпы өңір бойынша рақымшылыққа 479 адам ілікті. Нақты айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 32 сотталғанға рақымшылық қолданылады. 120 адам пробациялық бақылаудан босатылады, 327 адамның жаза мерзімі қысқарады. Осы тұста атап өтетін нәрсе, қылмыс жасағандарға гуманизм қағидасын қолдану — бұрынғы қателігін қайталамай, жаңа өмір бастауына беріліп отырған мүмкіндік, - деді ол.

Айта кетейік, рақымшылыққа ілігу бірнеше кезеңнен кейін жүзеге асады. Алдымен әрбір сотталғанның жеке ісі мұқият зерделенеді. Қылмыстың сипаты, мінез-құлқы, келтірілген залалдың өтелуі, әлеуметтік жағдайы талданады. Осы мәліметтер негізінде мекеме әкімшілігі сотқа ұсыныс енгізеді. Сот шешімі шыққаннан кейін рақымшылық заңды күшіне енеді.

Фото: Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу