freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адам қамауға алынды

Қоғам
Маңғыстауда есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адам қамауға алынды
Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Маңғыстау облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі өсіруге қатысты дерек анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұнайлы ауданындағы елді мекендердің бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге тексеру жүргізу кезінде екі азамат ұсталған. Олар аулада есірткі затына ұқсас өсімдіктерді жою әрекеті кезінде қолға түскен.

Тексеру барысында жедел-тергеу тобы аталған мекенжайға тінту жүргізіп, аулада орналасқан шаруашылық құрылысының ішінен есірткі өсіруге арналған арнайы жабдықталған зертхананы анықтаған. Оқиға орнынан фитолампалар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электр генераторлары және қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді, - деп жазылған МО ПД хабарламасында.

Сонымен қатар тағы бір шаруашылық құрылысынан фольгаға оралған марихуанаға ұқсас 15 түйіншек, электронды таразы, есірткіні қолдануға арналған құралдар мен ноутбук табылған. Үй аумағынан қосымша өсірілген өсімдіктер де анықталды. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келі 840 грамм марихуана екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді МО ПД баспасөз қызметі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу