Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда йогурт тиеген жүк көлігі аударылып кетіп, оны халыққа тегін таратып берді

Қоғам
Маңғыстауда йогурт тиеген жүк көлігі аударылып кетіп, оны халыққа тегін таратып берді
Lada.kz / ЖИ

Маңғыстау облысының Боранқұл ауылы маңында йогурт тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Lada.kz дерегінше, жүргізуші көктайғақтың салдарынан рөлге ие бола алмай, фураны төңкеріп алған, деп жазады Malim.kz.

Жол апаты кезінде жүктің бір бөлігі зақымданған. Тез бұзылатын өнім болғандықтан, жүргізуші йогурттарды сол маңдағы ауыл тұрғындары мен жолдан өтіп бара жатқан адамдарға тегін таратып берген.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жауапқа тартылған.

Полицияның мәліметінше, бұл бап "жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлікке немесе жүкке материалдық шығын келтіру" жағдайын қамтиды. Аталған құқықбұзушылық үшін 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл қарастырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу