freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда нөсер салдарынан 500-ден астам мал қырылды

Оқиға
Маңғыстауда нөсер салдарынан 500-ден астам мал қырылды
Маңғыстау облысының шаруаларынан

Жылқылары қырылған шаруалар жергілікті биліктен өтемақы төлеуді және өлген жануарларды жою жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды. Осы жағдайға байланысты облыс әкімгі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz сайтына сілтеп.

Қарақия ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 20-сәуірде 237 бас мал табылған. Оның 108-і жылқы. 5-еуі тай, 10-ы құлын.

Сонымен қатар, 2 түйе, 5 бота, 107 қой мен ешкі бар.

Ал, 21- сәуірде өлген 316 бас мал анықталған. Жылқы - 134, тай - 9 бас, құлын - 19, 154 қой мен ешкі. Осылайша, екі күн ішінде аудан бойынша жалпы саны 553 бас мал шығыны тіркелген.

Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

- Қазіргі уақытта Қарақия ауданында жердің шайылып, батпақтануына байланысты жергілікті атқарушы органдар өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп арнайы техникаларды тарту жұмыстарын жүргізуде. Қазір мал басын есепке алу және тиісті актілерді рәсімдеу жұмыстары атқарылып жатыр. Актілер жасалып, жануарлар чиптері арқылы сәйкестендірілгеннен кейін, ветеринарлық қызметпен бірге арнайы техника қолдана отырып, қырылған малды жою жұмыстары басталады. Мал шығыны бойынша өтемақы төлеу мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қаралатын болады, - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу