Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға сотталды

Құқық
Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген лейтенант 13 жылға сотталды

«Батыс» аймақтық қолбасшылығының 25744 әскери бөлімінің зениттік-артиллериялық взводының бұрынғы командирі Дамир Досов 18 жастағы сарбаз Марат Баркұловты қасақана өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Zakon.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың 24 қаңтарында мамандандырылған ауданаралық әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі судьясы Тамара Королевскаяның айтуынша, Дамир Досов ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жыл жазасын өтеу үкімі шықты.

Сондай-ақ, сот Дамир Досов «гвардия лейтенанты» әскери атағынан айрылды. Қайтыс болған сарбаздың анасы – Әсия Баркұлованың 50 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап арызы сот шешімімен ішінара қанағаттандырылып, 20 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу белгіленді.

Фото: Zakon.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу