freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаудағы кен орнында газ-су қоспасы атқылады

Оқиға
Маңғыстаудағы кен орнында газ-су қоспасы атқылады
Zakon.kz

Маңғыстау облысындағы Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдай 3 наурызда сағат 12:00 шамасында "Солтүстік-Шығыс Қаратұрын" кен орнында болды. Жер қойнауын пайдаланушы – "Бозашы Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

ТЖД мәліметінше, "Caspian Drilling LLP" ЖШС мердігерлік ұйымы №403 ұңғымада бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су қоспасы пайда болған.

"Кеше кешке бұл жерге құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымның күшімен, "Ак Берен" кәсіби авариялық-құтқару қызметімен және облыс ТЖД қызметкерлерімен авариялық жағдайды жою үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Биіктігі 15-20 метрге дейін су бұрқағы болды. Жағдай бақылауда", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес тексеріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу