Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс медиктердің жәбірлену мәселесін талқылады

Қоғам
Мәжіліс  медиктердің жәбірлену мәселесін талқылады
Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов © liter.kz

Астана, malim.kz. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында медицина қызметкерлеріне доқ көрсету мәселесі бойынша талқы өтті.  

Депутат, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов өз баяндамасында бір нақты мысал келтірді. Қостанай қаласындағы уролог науқастарды қабылдау кезінде жанжал шығып, дәрігер ақыры соққы алып тынған. Бас сүйегі сынып, миына қан құйылып, ауыр жарақат алып, 4 айға жұмыстан шығып қалыпты. Егер мұндай оқиғка болмағанда маман осы уақыт ішінде 960 адам қабылдар еді дейді депутат. Асхат Аймағамбетов бұған қоса, жедел жәрдем бригадалары да түрлі үйге баратынын, түрлі жағдайға тап келетінін атап өтті. 
Депутат денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегін келтіріп, соңғы бес жылда 280 шабуыл тіркелгенін айтты. Асхат Аймағамбетов осындай бірнеше жайларды келтіріп, заң жобасын мақұлдауды сұрады.

Заң қабылданған жағдайда Қылмыстық Кодекске жаңа - 380-3 бап енеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу