Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 73,5 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

Қоғам
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 73,5 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

Астанада республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының басшысына 73,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында кәсіпкер делдал арқылы филиал директорына "Қазандық шаруашылығын пайдалану ауданындағы 21 қазандықты қайта жаңарту" жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын беру үшін талап етілген 73,5 миллион теңгенің 12,2 миллион теңгесін пара ретінде берген.

Сот процесі барысында күдіктілер өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда қылмыстың жасалғаны кәсіпкердің, куәлардың айғақтары және сараптамалардың қорытындылары арқылы дәлелденді.

Сот РМК филиалының басшысын аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ЖШС құрылтайшысы ірі көлемде пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Істің үшінші фигуранты парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу