Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министр журналистердің үстінен қозғалған істер ерекше назарда екенін айтты

Қоғам
Министр журналистердің үстінен қозғалған істер ерекше назарда екенін айтты
Коллаж: Қазақстандағы сөз бостандығына қауіп Gemini ЖИ көзімен. ©malim.kz

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Аида Ғалымқызы өзінің Facebook желісіндегі расталған парағында жазыпты.


Құрметті әріптестер!

Бүгінде Қазақстанның медиа кеңістігінде бірнеше сот процесі өтуіне байланысты талқы жүріп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр.

Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек.

Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты.

Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін.

Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз.

Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін. 

Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын. -

депті министр ханым жазбасында.

Еске сала кетсек, соңғы кездері елімізде журналистердің үстінен іс қозғату жиілеп кетті. Жақында ҚазТАГ басшылары өздерінің сыртынан тергеу жүргізіліп, іс қозғалғанын тек бірнеше айдан кейін БАҚ беттерінен білгендерін хабарлаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу