Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мобильді аударымдарға талап күшейтіледі

Қоғам
Мобильді аударымдарға талап күшейтіледі
Коллаж: Kazinform

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды әкімшілендіру талаптары өзгерді. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Гүлден Хасенова 2025 жылғы 12 қарашада Қаржы министрінің бұйрығымен мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар бекітілгенін айтты. Соған сәйкес, 2026 жылдан бастап түсімдер бойынша жаңа шекті мөлшер — 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) деп бекітілді.

— Бұған дейін үш ай қатарынан түрлі адамдардан 100 және одан астам аударым түскен жағдайда ғана кәсіпкерлік қызмет белгісі ретінде қарастырылатын. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 ең төменгі жалақы көлеміндегі түсім лимиті қосылады, — деді Гүлден Хасенова МКК-ның Instagram парақшасындағы тікелей эфир барысында.
Ал Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударым бойынша ескерілетін үш критерийге қатысты түсініктеме берді.

— 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ережеде 2 фактор бойынша тексеру жүргізілетін еді. Яғни, әртүрлі 100 адамнан 3 ай қатарынан аударым алса, біз онда мұны кәсіпкерлік ретінде қарастырған болатынбыз. Бірақ, осыны іске асырған кезде ұсыныстар көп түсті. Мәселен, аударым сомасы аз, 100, 200 теңгеден аударым болатыны, соманың мөлшерін көрсету керектігі айтылды. Сондықтан үшінші көрсеткіш енгіздік. Оның сомасы — 12 АЕК. Яғни, 1 млн-нан асып түсуі тиіс. Осы критерий сәйкес болғанда ғана аударымдарды бақылауға аламыз, — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Оның түсіндіруінше, бір адамның шотына 5 млн, 10 млн теңге 2-3 адамнан түссе, онда ол бақылауға алынбайды. Немесе қаңтарда аударым алып, ақпанда аударым алмаса ондай да есепшоттар бақыланбайды. Яғни, 3 ай — қаңтар, ақпан, наурыз айларында ақша қатарынан түсуі керек.

Бұдан бұрын мобильді аударымы назарға іліккендерге салық органдарынан қандай хабарлама келетінін жазған едік.

Сонымен қатар, Қазақстанда мобильді аударым ережелері өзгерді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу