Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мөлдір Әуелбекованың домбырада ойнағаны көпшілікті тамсандырды

Шоу-бизнес
Мөлдір Әуелбекованың домбырада ойнағаны көпшілікті тамсандырды

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында қонақта болып, ұзақ үзілістен соң алғаш рет домбыра тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында Мөлдірдің қолына домбыра алып, Құрманғазының «Балбырауын» күйін тартып отырған видеосын жариялады. Әншінің өнеріне залда отырған көрермен тәнті болды. Әуелбекованың өзі де марқайып қалған көрініп тұр.

Шынымен, домбыраның үні, рухты әндер бір мотивация ғой, - деп жазды Сұлтанқызы.

Бір қызығы, өнер иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары оның домбырада ойнайтынын білмейтін болып шықты.

«Мөлдір домбыра тартады екен ғой. Жарайсың, Мөлдір! Сахнаға домбырамен шықсаң жақсы болушы еді», «Қандай күшті! Қасиетті, киелі домбыра ғой! Тамаша!», «Мөлдір талантты, керемет әнші», «Шап, беу де! Осы әнші өте ұнайды, өзі нәп-нәзік, дауысы керемет», - деп жазды көпшілік.

Фото: Instagram/@moldir.auyelbekova

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу