Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Саясат
Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Фото: ТАСС

Молдова Президенті Майя Санду Ресей зымыраны 25 желтоқсанға қараған түні Украинаға жасалған ауқымды шабуыл кезінде Молдова әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Х әлеуметтік желісінде жазған, постқа «Украинская правда» назар аударды.

«Біз Рождество мерекесін тойлап жатқанда, Кремль қиратуды мақсат етті –олар Украина энергетикалық инфрақұрылымын күйретуді көксейді және ресейлік зымырандар Молдова әуе кеңістігін бұзды», – деп мәлімдеді Санду.

Ол шабуылды халықаралық құқықты бұзу деп атады. «Молдова бұл әрекеттерді айыптайды және Украинамен ынтымағын одан ары күшейтеді», – деді.

Ресей әскери күштері оның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді.

Мониторингтік пабликтер Ресей зымырандары Винницк облысынан ұшырылған, жолай Молдова және Румыния кеңістігінде 140 шақырымнан астам жолды басып өткен, деп хабарлайды «Украинская правда» газеті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу