freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мүгедектерді сауықтыруға арналған қаражат жымқырылған

Сұқбат •
Мүгедектерді сауықтыруға арналған қаражат жымқырылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысындағы тағы бір былықтың бетін ашты. Өңірдегі мүгедек жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыруға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды. Құжат тапсырыс беруші мен ЖШС арасында наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша мақұлданған.

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленгені мәлім болды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу