freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұнай бағасы 5 пайызға арзандады

Әлем
Мұнай бағасы  5 пайызға арзандады
freepik.com

Бағаның төмендеуі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресей мұнайына қарсы санкцияларды жұмсарту мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы хабар тарағаннан кейін басталды. Кеше АҚШ президентінің Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді, деп хабарлайды DW басылымы.

Бұған дейін әлемдік нарықтағы ұсынысты арттыру мақсатында санкциялық шектеулерді әлсірету мүмкін екенін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент те айтқан болатын. Сонымен қатар АҚШ Үндістанға теңіздегі танкерлерде тұрған ресейлік мұнайды сатып алуға 30 күндік рұқсат берген.

Сонымен қатар Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Иранға қарсы соғыс «іс жүзінде аяқталуға өте жақын» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери операциялар жоспарланған кестеден әлдеқайда жылдам жүріп жатыр.

Бұған дейін Ақ үйде бұл соғыс бір айдан да ұзаққа созылуы мүмкін екені айтылған-ды.

Ирактағы кен орны дрон шабуылынан кейін мұнай өндіруді тоқтатты.

Франция Таяу Шығыстағы одақтастарын қолдау мақсатында шамамен онға жуық әскери-теңіз кемесін, соның ішінде ұшақ тасығыш кемелер тобын Жерорта теңізіне, Қызыл теңізге және қажет болған жағдайда Ормуз бұғазына жіберуді жоспарлап отыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу