Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мысырда туристер мінген яхта суға батып, он адам із-түзсіз жоғалды

Әлем
Мысырда туристер мінген яхта суға батып, он адам із-түзсіз жоғалды

Мысырдағы Қызыл теңіздің Марса-Алам қаласының жағалауында шетелдік туристер мінген яхта суға батып кетті.  Бұл оқиға туралы The Guardian басылымы жазды.  


Басылым мәліметінше, Sea Story атты кеме әртүрлі елдерден келген 31 турист пен 14 экипаж мүшесін тасымалдаған.  

"Төрт палубалы ағаш корпусты моторлы яхтаның суға батуының себебі әлі белгісіз", – делінген мақалада.

Із-түзсіз жоғалғандардың арасында Ұлыбританияның бірнеше азаматы бар екені хабарланды. Бұл елдің сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты адамдар мен олардың отбасыларына консулдық қолдау көрсетіліп жатқанын растады.

Яхта Марса-Алам қаласына жақын орналасқан Галеб портынан сүңгуірлік тур үшін шыққан және жұма күні Хургадаға келуі тиіс болған.

Жергілікті билік мәліметінше, аман қалғандардың кейбірі ұшақтың көмегімен құтқарылса, басқалары әскери кеме арқылы эвакуацияланған. Әскери-теңіз күштері және қарулы күштермен үйлестіре отырып, қарқынды іздестіру операциялары жүргізіліп жатыр.

Мысыр БАҚ-тарының мәліметінше, бортта төрт ұлыбританиялық, төрт неміс, бес испандық, екі бельгиялық, үш словак және екі америкалық болған.

Фото: theguardian.com  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу