Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурызда теракт жасамақ болған

Саясат
Наурызда теракт жасамақ болған

Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны  ұсталды. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады дегеен күдікке ілінген. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу