Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Науырыз мерекесі көшет егумен басталды

Сұқбат
Науырыз мерекесі көшет егумен басталды

Шымкенттіктер наурыз мерекесін көшет егу акциясымен бастады. Бүгін Шымкентте Наурыз мерекесіне орай «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық  акциясы өтті. Қаладағы «Нұрсәт» тұрғын алабындағы «Астана» аллеясында тұрғындармен бірге қала әкімі Мұрат Әйтенов ағаш отырғызып, акцияға қатысты.

Қала басшысы барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, әр жылы Наурыз мерекесін көгалдандыру мен тазартудан бастау дәстүрі қажетті және өте пайдалы бастама екенін айтып өтті.  Бұл күні аллеяға Шымкент дендросаябағында өсіп жетілген 250 арша көшеттері егілді.

Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егілмек.  Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артпақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу