Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаев атындағы мекемелер болмайды

Сұқбат
Назарбаев атындағы мекемелер болмайды

Еңбек демалысына кетпей тұрып Парламент сенаты Назарбаевтың атындағы құрылымдардың басшысы мәртебесінен айыратын түзетулерді мақұлдап президентке жіберген. «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі.

Бұл өзгерістер бойынша жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қазақстан президенті болады немесе өзі тағайындайды.

2011 жылы қабылданған заңда жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев болады деп жазылған болатын. 2022 жылы өткен референдум қорытындысы бойынша, Қазақстан конституциясына жазылған Назарбаевтың есімі алынып, оған берілген жеңілдіктер жойылған.

Биыл қаңтарда конституциялық сот «Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы туралы» заңның да күшін жойған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу