Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нигерияда террористер 73 адамды ұрлап әкетті

Әлем
Нигерияда террористер 73 адамды ұрлап әкетті
Фото: Анадолы

Нигерияның Замфара штатындағы екі ауылға жасалған қарулы шабуыл салдарынан 73 адам ұрланды, деп хабарлайды Анадолы.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қарулы банданың мүшелері Замфара штатының Бузугу және Раяу ауылдарына шабуыл жасады.

Шабуыл салдарынан 73 адам ұрланып, көптеген адамдар жарақат алды.

Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жіберіліп, тергеу басталды.

Нигерия бірнеше жылдан бері қарулы бандалар мен террористік топтардың шабуылдарына тап болып келеді. Олардың арасында белгілі «Боко Харам» ұйымы және Батыс Африкадағы ДАЕШ-тің ISWAP бөлімшесі бар. Бұл топтар елдің түрлі өңірлерінде адам ұрлау, шабуылдар мен террорлық әрекеттерді жиі ұйымдастырады.

Нигерияда адам ұрлау қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылғанымен, адамдарды ұрлап, олардан ақша талап ету оқиғалары жиі кездеседі.

Қарулы адамдар, әдетте, елдің солтүстігіндегі ауылдар, мектептер мен жолаушыларды нысанаға алып, ақша талап етеді.

Фото: Анадолы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу