Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нобель сыйлығының лауреаты: Украинаға TAURUS зымырандары қажет

Әлем
Нобель сыйлығының лауреаты: Украинаға TAURUS зымырандары қажет
Фото: Amanda Andrade-Rhoades/AP Photo/picture alliance

Ресейдің Украинаға зымыран ұшыруын тоқтатудың жалғыз жолы – оларды Ресейдегі аэродромдарда жою, ол үшін Берлин Киевке уәде еткен TAURUS зымырандары қажет деп санайды Александра Матвийчук, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Германия ұзақ толғаныстан кейін ақырында Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын TAURUS қанатты зымырандарын беруі тиіс, деп мәлімдеді украиналық құқық қорғаушы, азаматтық бостандықтар орталығының (ЦГС) басшысы Александра Матвийчук 6 желтоқсанда Redaktionsnetzwerk Deutschland (RND) медиатобына берген сұхбатында. Аталған орталық 2022 жылы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанған.

«Біз шынайы көшбасшылықты, шынайы батылдықты және шынайы жауапкершілікті көрсетуді талап ететін кезеңде өмір сүріп жатырмыз», – деді ол.

Құқық қорғаушының сөзінше, Ресей аумағынан ұшырылған зымырандарға Харьковтегі мектепке жету үшін бір минутқа да жетпейді. «Бұған жол бермеудің жалғыз жолы – бұл зымырандарды Ресейдегі әскери аэродромда тоқтату. Бұл үшін бізге TAURUS қажет», – деп түсіндірді Матвийчук.

Украиналық құқық қорғаушы Германияны Ресеймен қарым-қатынаста жіберілген қателіктерді мұқият талдауға шақырды. Ол Германияда газ құбыры салу үшін неміс элитасын сатып алу жағдайларын да еске салды. 2022 жылға дейін Германия да, «өркениетті әлем» де Мәскеуге тым ұзақ уақыт бойы жазасыз әрекет етуге мүмкіндік берді, деп қосты Матвийчук.

«Ресейдің Чечняда, Молдова, Грузия, Мали, Ливия, Сирияда жасаған әскери қылмыстары – олардың ешқайсысы жазаланбады», – деп атап өтті Нобель сыйлығының лауреаты.

Ол Берлинді Ресейге қатысты саясатын түбегейлі қайта қарап, бұдан былай батыл қадамдар жасауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу