Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрбек Оралбай - Олимпиаданың күміс жүлдегері

Спорт
Нұрбек Оралбай - Олимпиаданың күміс жүлдегері

Боксымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының финалында Александр Хижнякқа (Украина) есе жіберіп, күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Білекті де жүректі былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбайды күміс жүлдемен шын жүректен құттықтаймын! Париж шаршы алаңында жерлестеріміз аса сәтті өнер көрсете алмаса да, Қазақстан бәрібір бокс әлеміндегі орны бөлек құрамалардың бірі болып қала береді. Бұлай деп айтуыма жерлестеріміздің бірде-бір Олимпия ойындарынан жүлдесіз қайтпағаны дәлел бола алады. Париждегі дүбірлі додада былғары қолғап шеберлеріміз дәстүрден жаңылмай, ел қоржынына жүлде салды. Чемпионды тәрбиелеген жеке бапкері Асқар Еркебаевқа, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа, жалпы бапкерлік құрамға алғысымды білдіремін. Барша отандасымызды Олимпиаданың күміс жүлдесімен құттықтаймын!», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Фото: ҰОК/Владислав Семенов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу