Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрлан имам TikTok арқылы 2000 доллар табыс тапқанын білмеген

Қоғам
Нұрлан имам TikTok арқылы 2000 доллар табыс тапқанын білмеген

Нұрлан имам Байжігітұлы әлеуметтік желі арқылы 2000 доллар табыс тапқанынан бейхабар болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында танымал мобилограф Қыран Талапбекпен бірге отырған видеосын жариялады. Бейнеде ол имамның Tiktok-тағы теңгерімін тексергенін көруге болады. Мобилограф Нұрлан имамға шотта біршама қаражат тұрғанын айтады. Ал ол мұндай табыс туралы мүлде бейхабар болған. 

Сәлем, достар. Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісілер Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой, - дейді Қыран Талапбек. 

Ал Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. 

Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын, - деп жазған имам.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу