Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нығматулин зауыт ашып жүр. Журналист Президентке ашық хат жазды

Қоғам
Нығматулин зауыт ашып жүр. Журналист Президентке ашық хат жазды
©ҚазТАГ

Журналист Әсет Матаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазды деп хабарлайды malim.kz тілшісі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап.

“Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мүмкін, Сіз де ара-тұра 24.kz арнасын қарап қоятын боларсыз. Кеше сол арнада Екібастұздан сюжет көрдім. Ол мекенде ферросилициум өндірісі ашылып жатыр екен. Ашып жатқандардың бірі - Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та, бірі - Парламенттің бұрынғы депутаты Ерлан Нығматуллин екен. Ол, Сіз білетіндей - Мәжіліс депутаты болып отырған жерінен, туған ағасы Ерлан Нығматулинді президент Назарбаев Мәжілістің төрағасы қылып тағайындаған күні Сенатқа топ ете қалған. Ашық дереккөздерден, кеше ашылып жатқан зауыттың 80%-ын Қазақстан Даму Банкі қаржыландырғанын білдім, Өндіріс орнына жұмсалған 92.2 млрд теңгенің 72 млрд теңгесін Қазақстан Даму Банкі берген екен.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін, Сіз Қазақстан Даму Банкін “таңдаулылардың банкі” деген болатынсыз. Зауыттың ашылуын мемлекеттік арна көрсетіп жатыр, облыстың әкімі жүр, ал өндірістің 80%-ын мемлекет қаржыландырып отыр. Бизнес пен мемлекет үшін қуануға болар еді. Бірақ бұл жерде біршама жайтың үйлеспей тұрғаны.

2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалардан кейін, елдегі әділетсіздікке назар аударып, Сіз Әділ Қазақстан құруға бағдар ұстап едіңіз. Қазақстанның бар байлығын небәрі 166 отбасының қолында екенін айттыңыз. Оларды бәріміз танимыз. Өзім, бұл сөзді Сіздің аузыңыздан естігенімен қуандым. Себебі, ҚазТАГ бұл сөзіңіздің ағылшын тіліне аудармасын Сіз мәлімдеме жасардан екі күн бұрын берген еді.  Бұл қайғылы Қаңтар оқиғасынан кейін болған.

Өкінішке қарай, біз айтылмыш 166 отбасының біразы әлі де Қазақстанның тетігін ұстап отырғанын көріп отырмыз. Бұл - факт. Оның ішінде Нығматулиндер де бар. Халық оларды кезінде ірі болған Қарағанды өңірінің шынтуайтындағы қожасы дейтін. Қазір енді, оның құрамында Ұлытау жоқ. Нығматулиндер - рейдерлік жасағаны бірнеше рет жария түрде айтылған отбасы; «Қазақмыс» пен «АрселорМиттал Теміртау» сияқты ірі кәсіпорындарды бейресми бақылағаны туралы да айтылып жүрді.

Нығматулиндер мен әзірге көлеңкеде қалып отырған сыбайластары 2016 жылы ҚазТАГ ақпараттық агенттігін рейдерлік әдіспен тартып алмақ болғанда, мақсаттары - билікке келу болатын! Біз оларда мол қаржы болғанын, адамдары - Қазақстанның көп өңірінің басшылығында, күштік құрылымдарда, президент әкімшілігінде, мәжілісте отырғанын білеміз. Сіз ертерек еліміздің басшысы болуыңыз мүмкін еді. Оған Назарбаевтың айналасындағы түрлі адамдар кедергі келтірді. Ішінде олигархтар, билік тармақтарының басшылары, олардың балалары мен туыстары болды. Ол сәтте билікті басып алу үшін медиалардың қосыны жасақталып жатты. Әйгілі әрі жиі тілге тиек етілетін ҚазТАГ агенттігі оларға тамаша құрал болар еді…” -

деп бастаған екен ашық хатын.

Бұдан әрі қарай, журналист Әсет Матаев Нығматулинердің адамдарымен тайталасы туралы егжей-тегжейлі жазыпты. Есіңізге сала кетсек, Әсет Матаев пен әкесі  қамалған болатын. Ол келтірген мәлімет бойынша, Нығматулиннің адамдары ақталуға мүмкіндік бермепті. Журналист әкесі екеуінің бостандыққа шығуына Тоқаевтың билікке келуі себеп болғанына нұсқайды. 

“Алайда, Нығматулиндердің зауыттарын көрген кездерде халықтың әділдікке сенімі жоғалады”, -

деп түйіндепті өз хатын Әсет Матаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу