Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

Сұлу Бөлек

  • 12.04.2025

Адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталып, 2 жылға 6 айға сотталған белгілі хирург-трансплантолог Ғани Құттымұратов түрмеде отырып адам өмірін құтқарып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот үкімі шығып, тергеу изоляторына әкетіп бара жатқан жолда Ғани Құттымұратов өз ережесі мен өз әлемі бар адамдарың ортасына түсетінін және сол өмірге бейімделуге мәжбүр болатынын ойлаған. Бұл туралы ол Курсивке берген сұхбатында бөлісті. 

"Бойымда қорқыныш болды. Енді не, қалай болатынын білмедім. Ол жерге түссем егде жастағы, өздері бағынатын ережесі бар қылмыскерлермен кездесемін деп ойлайтынмын. Бірақ олардың көргенде таңғалдым. Қарапайым адамдар. Олардың көбі жастар еді. Түрмеде отырып сондағы адамдарға консультация жүргізіп, көмектесетінмін", – дейді дәрігер.

Тіпті трансплантолог сондағы тұтқындардың бірін аман алып қалған.

"Бір сотталушының өмірін сақтап қалған кезім болды. 10-15 минуттың ішінде адамның өліп кетуі мүмкін еді. Хурург ретінде менің көмектесуімді сұрады. Көмектестім. Қазір ол адам аман-есен. Жағдайы жақсарған соң мені құшақтап, "менің құтқарушым" деген еді. Айтқым келгені, түрмеде болсам да жұмысымды тоқтатқан емеспін", – дейді  Ғани Құттымұратов қамаудағы кезін еске алып. 

Ғани Құттымұратов туралы не белгілі?

Ғани Құттымұратов - медицина ғылымдарының докторы PhD, "Болашақ" стипендиаты, 2005-2008 жылдар аралығында. 2011-2013 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы, жоғары санатты дәрігер-трансплантолог.

Дәрігер мәйіт донорынан жүрек пен бүйрек алынып, 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы жүргізілген кезде Нұр-Сұлтанда органдарды алуды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысқан.

Ол алғашында, адам органдарын заңсыз трансплантациялады деп айыпталып, кейін кінәсіз екені анықталды. Алайда 2020 жылы қарашада Ғани Құттымұратов жүргізген трансплантация операциясының нәтижесінде науқас АИТВ жұқтырды, яғни өз міндеттерін тиісінше орындамады деп айыпталып, 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

«Қазақ – дана халық». Жанар Айжанова сынған саусағын өзі емдеп алғанын айтты

10.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

31.03.2025

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

30.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
«Қазақ – дана халық». Жанар Айжанова сынған саусағын өзі емдеп алғанын айтты

Оның саусағын дәрігерлер емдей алмаған көрінеді.

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

Елімізде қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға айыппұл салынады. Ал былапыт сөзді үйде немесе көлікте еркін айтуға бола ма?

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады