Апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағын Ресей азаматы басқарған
Экипаж мүшелерінен 3 адам тірі қалған
Ақтауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының ұшқыштарының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақты келесі экипаж мүшелері басқарған:
Игорь Кшнякин
Александр Калянинов
Хёкюма Алиева
Зюльфюгар Эсадов
Айдан Рагимли
Ақтауда құлаған ұшақтың ұшқыштарының бірі ресейлік Игорь Кшнякин болғанын оның әйелі RT басылымына растады.
Ол күйеуінің тағдыры туралы әзірге ештеңе білмейтінін айтты:
"Білмеймін, мен әлі ештеңе білмеймін. Ол – ұшқыш", - деді әйел.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшқыштардың тәжірибесі туралы пікір білдірген.
"Ұшақтың капитаны Игорь Кшнякин ... 15 мың сағаттан астам ұшу тәжірибесіне ие, оның ішінде шамамен 11,2 мың сағаты капитан ретінде ұшқан", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, алғашында барлық экипаж қаза тапқаны айтылса, кейіннен 3 адамның тірі қалғаны белгілі болды.