Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Оқиға
Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Ақтауда үйдің кіреберісіне жуылған киімдерін іліп қойған әйелге хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда 32Б ықшамауданы, 8-үйдің тұрғыны кірді кіреберіске жайып қойғаны үшін жазаланды. Киімдердің арасында тіпті әйелдердің іш киімі де болды.

Әйелге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу” бойынша хаттама толтырылды.

Кір жаю – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Бапта жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салу қарастырылған.

Фото: Видео кадры 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу