Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

Сұлу Бөлек

  • 01.05.2025

Ақтөбеде елуден аса тұрғынды мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен үй алып беремін деген келіншекке қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Сан соғып қалғандардың дені — сотталушының туған-туысы. 
отқа арызданғандардың өзі әлі күнге дейін өзге емес, өз жақынының алдап кеткенін айтып отыр. "Үйлі боламын" деп дәметкендердің ең азы 350 мың теңгеден бастап, 5 миллион теңгеге дейін келіншектің қолына ақша ұстатқан. Ақырында оның алаяқ болып шығатынын "білмедік" деп отыр.

Ол туыстарына өзінің жеңілдікпен бір жылда екі пәтер алғанын айтып, құжаттарын көрсеткен. Одан соң, тіпті құрылыс басына апарып, пәтерлерді де аралатқан. Бірақ ешбірі мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен баспана алмапты. Алданғандардың сотқа жүгінуден басқа амалы қалмаған. Ал істі болып жатқан келіншек алған ақшаны "бәріне толық қайтардым" деп отыр.

"Бір жылда екі үй алғанда, қалай сенбейсің? Бізді өзі шақырды. "Мынандай рәсімдеу бар, нотариус бар, келіңіздер, бәрі ресми, заңды етіп жасайды" деді. Қалай сенбейсің?! Негізі барлығы ағайын-тума", - деді Сәкенай Әленова. 

Фото: видео кадры

Байланысты жаналықтар

Қызғалдақ жұлған әйел кінәсін мойындады: полиция істің мән-жайын айтты

02.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Полицейлерді соққандар бірнеше жылға сотталып кетті

29.04.2025

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

29.04.2025

Шерзат ісі: прокурор марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың жауабын оқыды

29.04.2025
MalimBlocks