Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

Оқиға 2 қыркүйекте Кеңесту ауылында болған

Malim Админ

  • 05.09.2024

Ақтөбе облысының Темір ауданында оқу жылының басында мектеп оқушысын өлтіріп кетті. Бұл іске еліміздің Бас прокуроры араласып, облыс прокуроры Халидулла Дәуешовке сотқа дейінгі тергеуді жеке бақылауына алуды тапсырды.


Айта кетелік, оқиға 2 қыркүйекте Кеңесту ауылында сабақтан тыс уақытта болған. Оқушылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Күдікті ретінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім қамауға алынды.

- Темір ауданының соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеуді Ақтөбе облыстық полиция депаратментінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін ауданға арнайы комиссия жіберілді.

Сондай-ақ облыс прокуратурасы Темір ауданы әкімінің, білім басқармасының және ауданның лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы мәселе көтеріп, жергілікті атқарушы органның атына ұсыныс енгізді.

Қадағалау актісі бойынша мектеп директоры қызметінен босатылды.  Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.

Фото - © rawpixel.com/Freepik

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

02.04.2025

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025
MalimBlocks
Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды