Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтіріп, інісін де жарақаттады

Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде ер адам бұрынғы сүйіктісін пышақтап өлтірді. Бұл туралы Orda.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Оқиғадан кейін ер адам кейін көшедегі адамдарға пышақ кезеніп, қыздың кәмелетке толмаған інісін жаралады. Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияға тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде пышақ жарақатын салу туралы хабар түсті. Оқиға орнынан зорлықпен өлтірілген қыздың мәйіті табылды. Оның кәмелетке толмаған інісі де жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді полиция.
Фото: baigenews.kz


Ең көп оқылған
