Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Арман Қайыпхан

  • 12.04.2025

Астанада қайғылы оқиға тіркелді. Сәби 15-қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуір күні болған. Полиция мәліметінше, сәби ас үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Бұл – 2025 жылы елордада тіркелген 8-ші осындай оқиға. Оның үшеуі балалардың өлімімен аяқталған.

Бұған дейін, 27 наурызда, үш жасар бала екінші қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат түскен.

Алдын ала дерекке сүйенсек, анасы балаларын пәтерде жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.

Полиция ата-аналарға үндеу жасады.

«Мұндай оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың балаларға жеткілікті назар аудармауы және үй ішіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

11.04.2025
MalimBlocks
Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті