Атырау облысында келіні енесін айуандықпен өлтірді

Атырау облысына қарасты Жасқайрат ауылында келіні енесін айуандықпен өлтірді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Дәрігерлер қарияны аман алып қалуға қанша тырысқанымен, ауыр жарақат салдарынан оны құтқару мүмкін болмаған. Қанды қылмыстан бір ауыл үркіп қалған. Әзірге келіншектің мұндай әрекетке баруына ненің түрткі болғаны белгісіз.
"Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа күдікті ретінде танылған 1986 жылы туған азаматша қамауға алынды", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Фото: Pixabay.com

Самое читаемое
