​Атырау облысында кене көбейіп, киік қырылып жатыр

Шаруалардың айтуынша кене тасымалы даладағы киіктерден келген дейді

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

Құрманғазы ауданы Азғыр өңіріндегі кейбір шаруашылықтарда малдарды кене шағып өлтіріп жатыр. Шаруалардың айтуынша кене тасымалы даладағы киіктерден келген дейді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы мәселе Сенат мәжілісінде көтеріліп, жағдайды анықтау үшін Астанадан арнайы комиссия шықты.

"Мәжілісте ауыл шаруашылығы министрлігіне соңғы күндері Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінде киіктер өліп, фермерлер мазасызданып жатқанын жеткізген болатынмын. Әсіресе, Сүйіндік ауылының шаруалары хабарласып айтты. Осыған орай арнайы мамандардан құрылған комиссия жіберуін сұраған болатынмын", - дейді облыстық Мәслихаттың төрағасы Муса ХАЙРУЛЛИЕВ.   

"Мен қолымнан келгенше дезинфекция жүргізіп отырмын. Сол себептен әзірге тыныш. Басқа шаруашылықтарда сиыр, жылқыларды кене шағып өліп жатыр. Даладағы киіктер де қаптаған кенеден өліп жатыр. Толған кене малдың қанын сорып алады, әлсірегеннен кейін ол құлайды. Кене толып тұр, оны дезинфекция жасамай болмайды. Киік пен мал өлімі Мәжілісте көтерілгеннен кейін "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері келді", - дейді "Қапуанов" ШҚ басшысы Бек ҚАПУАНОВ.

Өткен жылы Азғыр өңіріндегі Сүйіндік және Азғыр округтері далалығынан 84 киіктің өлігі табылып, "Охотзоопром" ӨБ РМҚК қызметкерлері өлекселелерді жинап, залалсыздандырған болатын. Атырау облысы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" ШЖҚ РМК мамандары өлген және ауырған киіктің ішкі ағзасынан патологиялық материалдар мен қан сынамасын тексертуге жібергенде, киіктің пастереллез ауруынан өлгені анықталды. Сол себептен аудандағы осы өңірдегі ірі қара мен қой-ешкіге пастереллезге қарсы екпе жүргізілен болатын.

Фото: azh.kz

Байланысты жаналықтар

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

28.03.2025

Шаруалардың жерін киіктен қорғау үшін қоршау тұрғызылмақ - БҚО әкімі

12.11.2024

«Қорғаста» мыңға жуық киік мүйізін өткізбек болған

26.10.2024

БҚО-да табылған киік өлекселері өңір тұрғындарын алаңдатып қойды

20.10.2024

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

05.08.2024

Шымкентте кене шағып алған ер адам қайтыс болды

12.07.2024
MalimBlocks
Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,

Шаруалардың жерін киіктен қорғау үшін қоршау тұрғызылмақ - БҚО әкімі

Айтуынша, шаруалардың шабындығы мен жайылым жерлерін қорғаудың басқа жолы жоқ

«Қорғаста» мыңға жуық киік мүйізін өткізбек болған

ҰҚК заңсыз әрекеттің жолын кесті

БҚО-да табылған киік өлекселері өңір тұрғындарын алаңдатып қойды

Бірақ мамандар ауру емес, табтиғи өлім екенін айтады

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

Олардан 328 мүйіз тәркіленген

Шымкентте кене шағып алған ер адам қайтыс болды

61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған